USD
USD
USD

Трансгендерлердің қатары 800%-ға артып барады

ЛГБТ қатары күн санап артып келеді. Ал транстардың көрсеткіші мүлде жаға ұстатады. Мәселен, АҚШ-та 1965 жылы туылған буын мен 1981-1996 жылдары туылған буынды салыстырсақ, өзін трансгендерлер санайтындардың саны 500

Трансгендерлердің қатары 800%-ға артып барады
Фото: NEGE.kz

%-ға артқан. Ал барлық буынды қосса, трансгендерлер 800%-ға көбейген. The American Conservative басылымы осындай дерек келтіріп отыр.

Алматы, NEGE. АҚШ діндарларының сөзіне қарағанда, «бұл – мәдени нормалардың күйреуінің және үгіт-насихаттың күшеюінің салдары». Христиан ғибадатханасының қызметкерінің айтуынша, адамның денесі және жынысы туралы шіркеуде сөз қозғаса, жастар тыңдағысы келмей, орындарынан тұрып кетіп қалады екен.

«Өйткені, мектепте оларға "транстарды біреу сынай бастаса, орындарыңнан тұрып кетіп қалыңдар" деп ұдайы айтып отырады», – деп күйінеді әкей.

Қазір АҚШ-та «Теңдік туралы» заң қабылданып жатыр. Ол қабылданса, бұдан былай өзін «әйелмін» деп атайтын еркектерге әйелдердің денесін сипаса, ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Дәрігерлердің де жағдайы қыл үстінде көрінеді. Жыныс ауыстыру қателік деп сараптама жасаса, бұл «азаматтық құқықты бұзу» болып табылмақ.

АҚШ діндарлары: «Бізді  «ішкі террористер» деп атап, енді қудалай бастайды ма?» деп қатты алаңдап отыр.  

 

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.