USD
USD
USD

Трамвай паркі жаңартылады

Өскемендегі трамвайлардың жаңартылмағанына 30 жылдан асты. Осының кесірінен кейбірінің жүруінен тұруы көп.

Трамвай паркі жаңартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тіпті жолаушыларды тасымалдау кезінде рельстен шығып кететін келеңсіз жағдайлар да жиі кездеседі. Сондықтан 4 жыл бұрын қалалық трамвай паркі жеке қолдан мемлекеттің қарамағына өтіп, коммуналдық мекеме болып қайта құрылған.

Нәтижесінде былтырдан бері вагондар жаңаланып, тозығы жеткен рельстер ауыстырыла бастады.

Автобусқа қарағанда трамвай көп шығынды қажет етпейді. Ең бастысы, экологиялық тұрғыдан да пайдалы. Бірақ қазір жолаушы тасымалдап жүрген трамвайларға 35 жыл болған. 80 процент ескірген.

«Қазір қолданыста жүрген трамвайлар әбден тозды. Кейде бағыттан алып тастауға мәжбүр боламыз. Толық тексеруден өткізіп, қажетті бөлшектерді алуға өте көп қаражат керек. Механиктердің есебі бойынша желіге шығатын 14 вагонды ай сайын жөндеу үшін кем дегенде 1 миллион теңге керек. Жалпы трамвай паркін бастан-аяқ жаңалау мәселесі тұр» трамвай паркінің шебері Виктор Круглов.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті