USD
USD
USD

Трамптың сілекейін сұрап жатыр

«Ақ үй басшысы кезінде мені зорлады» деп айып таққан журналистің адвокаты Трамптың ДНК-сын анықтау үшін оның сілекей үлгісін сұратқан. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Трамптың сілекейін сұрап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз Трамп мырзадан оның ДНК-сын салыстыру үшін қарапайым сілекей үлгісін сұрадық, оның қарсылық білдіруіне ешқандай негіз жоқ» дейді Роберт Каплан.

Жапа шектім деген Джин Кэрроллдың көйлегін зерттеу барысында кемінде төрт адамның ДНК іздері анықталған көрінеді. Оның кем дегенде біреуі ер адамға тиесілі.

Журналистің айтуынша, Трамптың ДНК-сын көйлекте қалған іздермен салыстыру – президенттің кім екенін ұқтырып қанай қоймай, өзіне қиянат жасағанын дәлелдейді.

Бұл дау 2019 жылы басталған. Осы жылдың маусым айында журналист  Трампты «мені зорлады» деп айыптады. Оның айтуынша, оқиға тоқсаныншы жылдардың ортасында «Бергдорф Гудман» дүкенінің жарнамалық бөлмесінде болған. Бұл туралы ол журналда және өзінің кітабында жазды. Ал Ақ үй басшысы барлық айыптарды жоққа шығарып, журналисті мүлде танымайтынын айтқан еді.    

Қазір оқып жатыр

Жеке деректерін қорғау әр азаматтың міндеті – ІІМ

Бизнес

Alatau City логистиканы, өнеркәсіпті және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін германиялық технологияларды тартады

Әлішер Әбдіқадыров

Перуашевке қатысты ақпараттық шабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Қазақтелеком

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ