USD
USD
USD

Трамптың басты қарсыласы кім болмақ?

3 ақпан Айовада Республикалық және Демократиялық партиялардан президенттікке үміткерлерді іріктеудің маңызды кезеңі басталды. 

Трамптың басты қарсыласы кім болмақ?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар АҚШ-та өтетін сайлау барысын іс жүзінде анықтамақ. Ең басты сұрақ: демократтардың атынан президенттік кім үміткер атанады? Егер есімі анықталса, республикалық партияның үміткері, қазіргі президент - Дональд Трампқа қарсылас болады. Сайлауда АҚШ президентіне қарсы кез келген адамның үміткер болуына мүмкіндік бар. Алайда, Айовада сенатор Берни Сандерсті жақтаушылар көп. 

Басты назар Демократиялық партияда, өйткені Республикалық партия өз үміткері ретінде Дональд Трампты таңдап қойған. Алайда, қазір Иллинойс штатының бұрынғы конгрессмені Джо Уолш, Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Уильям Уэлд және бизнесмен Рокки де ла Фуэнтенің Америка лидеріне қарсы шыққанын айта кету керек.

Демократтар да өз үміткерлерінің ішінен үздік үштікті таңдап қойған. Олар АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден, Вермонт штатының сенаторы Берни Сандерс және Массачусетс штатының сенаторы Элизабет Уоррен. CNN-нің 31 қаңтардағы сауалнамасына сәйкес 27% нәтижемен Байден көш бастады, Сандерс 24%-бен екінші орында, ал Уоррен 14%-бен үшінші орында қалды. Үздік үштіктен өзге Нью-Йорктің экс-мэрі Майкл Блумберг пен Саут-Бендтің мэрі Пит Буттигич те жақсы нәтижелер көрсетті.

Демократтардың сайлау кампаниясы өткен жылдың жазында басталған болатын. Президенттік сайлауға түсуге 20-дан астам адам өтініш қалдырған.

Айова штатындағы жеңіс президенттікке үміткерлер үшін аса маңызды, бірақ бұл сайлаушылардың қолдауына ие болудың жалғыз мүмкіндігі емес. 

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде Трамптың өзі Айова штатында Техас сенаторы Тед Круздан жеңіліп қалған болатын. Бірақ Нью-Гэмпширде көш бастады. Нәтижесінде, ол Республикалық партияның атынан үміткер және президент сайлауының жеңімпазы болды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.