USD
USD
USD

Трамптың адвокаты коронавирус жұқтырды

Дональд Трамптың адвокаты коронавирус жұқтырды.

Трамптың адвокаты коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ президенті Дональд Трамптың адвокаты, Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі  коронавирус жұқтырып алды. Ақ үй басшысының ең жақын әріптесінің дертті қайдан жұқтырып алғаны әзірге белгісіз. Соңғы күндері ол Джорджия штатының заңгерлерімен президенттік сайлаудың нәтижесін талқылау кезінде бетпердесіз жүрген.

Өз қорғаушысының кеселді жұқтырғанын естіген Трамп твиттерінде «Руди, тездетіп жазыл» деп жазған. Ал 76 жастағы Джулиани өзінің вирусты жұқтырып алғанын әлі жарияламаған. Сондықтан оның оқшауланып, ем алуға кіріскені де белгісіз. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, Трамптың адвокаты соңғы уақыттары қарашадағы сайлауға қатысты түрлі штатты аралаған кезде бетперде тақпай сақтық шарасына көп мән бере бермеген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy