USD
USD
USD

Трамптың салық енгізуінен кейін Мексикада көлік зауыттары жабылды

АҚШ президенті баж салығын енгізгеннен кейін Мексика мен Канадада "Стеллантис" ((Stellantis)) автомобиль холдингіне тиесілі зауыттар жабылды. Бұл туралы "Ассошиэйтед Пресс" ((Associated Press)) агенттігі хабарлады.

К
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE.  5 жарым мың адам бірден ақысыз мәжбүрлі демалысқа жіберілді. Мексикадағы жұмысшылар 1 аптадан соң, ал олардың канадалық әріптестері 1 айдан кейін ғана жұмысқа қайта орала алады.

Қазір қос елдің билігі АҚШ үкіметімен тарифтерді жеңілдету бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Мексика алдағы аптада Вашингтонға Экономика министрінің жетекшілігімен арнайы делегация жібермек.

 Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп АҚШ-та басқа елде өндірілген көліктер мен автобөлшектрді әкелуге 25 пайыздық баж салығын енгізді. Бұл талап 3 мамырдан бастап күшіне енуі тиіс.


Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек