USD
USD
USD

Трамптың қолындағы көгерулер ауыр дерттің белгісі ме?

АҚШ президенті Дональд Трампқа дәрігерлер «созылмалы көктамыр жеткіліксіздігі» диагнозын қойды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді.

Трамп
Фото: youtube.com

Алматы, NEGE.  «Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізіліп, нәтижесінде созылмалы көктамыр жеткіліксіздігі анықталды. Бұл 70 жастан асқан адамдар арасында жиі кездесетін, қатерсіз әрі кең таралған ауру», – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы атап өткендей, дәрігерлер АҚШ президентіне кешенді медициналық тексеру жүргізген. Олар Трамптың тамырын тексеріп, екі жақты доплерография түсірген. Тексеру барысында Трамптың тамырларында жеңіл ісіну бары анықталды, сондай-ақ оның қолдарында көгерген іздер байқалған. Кэролайн Ливиттің айтуынша, бұл белгілер соңғы уақытта түсірілген президенттің кейбір суреттерінен де анық көрінеді.

Бұл суреттер әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, түрлі сұрақ туындатқан еді. Алайда анықталғандай, Трамптың қолындағы көгерулер ауыр дерттің белгісі емес. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, көгерулердің пайда болуына жиі қол алысу мен аспирин қабылдауы себеп болған.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы