USD
USD
USD

Трамптың арқасында Масктың байлығы 300 миллиард доллардан асты

Tesla-ның нарықтағы қаржысы бір триллион долларға жетті, деп хабарлайды Forbes.

Илон Маск
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы қатысты Tesla акциялары өсуінен Илон Масктың байлығы екі жылдан бері алғаш рет 300 миллиард доллардан асты.

8 қараша, жұма күнгі сауда кезінде Tesla акцияларының бағасы 6%-дан астам өсіп, шамамен $330 болды, бұл 2022 жылдың қыркүйегінен бері компания акцияларының бір акция үшін $300-ден жоғары бағаланғанын білдіреді. Tesla қазір нарықтық капиталдандыру бойынша әлемдегі тоғызыншы ірі компания.

Бір күнде Tesla акцияларының өсуінің арқасында Маск 10 миллиард долларға байыды, ал қазір оның байлығы өзінің ең жақын бәсекелесі, Oracle бас директоры Ларри Эллисонның байлығынан 70 миллиардқа артық.

Илон Маск Трамптың сайлау науқанын белсенді жүргізді. Трамп оған «мен сайлансам - ресми қызмет беремін» уәде еткен.

Жалпы алғанда, сайлау науқаны аясында Маск республикашылардың шығындарына 130 миллион доллардан астам қаражат жұмсады, сонымен қатар ол өзінің X платформасында Дональд Трампты ашық қолдады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер