USD
USD
USD

Трампты сынап жүрген Болтонның үйіне ФБР тінту жүргізді

АҚШ федералды тергеу басқармасы (ФБР) қызметкерлері президент Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтонның үйінде тінту жүргізді. Бұл жөнінде Америка ақпарат құралдары, оның ішінде дереккөздерге сүйенген CNN хабарлады.

Б
Фото: Anna Moneymaker / Getty Images)

Алматы, NEGE. Ресми түрде тінтуге не себеп болғаны айтылмады.

Тінту Вашингтон маңында жүріп жатыр, ол жөнінде бірінші болып New York Post жариялады. ФБР директоры Кэш Патель агенттік қызметкерлері "тапсырмада жүргенін" және "ешкімнің заңнан үлкен емес" екенін жазды, бірақ жазбада ешкімнің аты-жөнін атамады. ФБР өкілдері "соттың рұқсатымен әрекет етіп" жатқанын айтқан, бірақ жай-жапсарын нақтыламады.

CNN-ның жазуынша, тінту ұлттық қауіпсіздікке қатысты ақпаратты заңсыз пайдалану жөнінде болуы мүмкін. 2020 жылы Трамп қызметінен босатқаннан кейін бір жылдан кейін Болтон жариялаған кітабында Трампты сынаған. Трамп әкімшілігі өкілдері Болтон құпия ақпараттарды жариялады деп мәлімдеп, кітаптан бірқатар үзінділерді алып тастаған. Болтонға қарсы ресми тергеу басталған, алайда одан кейін Ақ үйге келген Джо Байден оны тоқтатқан.

2025 жылы қаңтарда Трамп Ақ үйге оралғаннан кейін әкімшілік өкілдері Трамптың саяси қарсыластарына қарсы айып таққан. 2019 жылдан бері ешқандай лауазымды қызмет атқармаған Болтон Трампты сынаушылардың қатарынан табылды. Ол Трампты Ресейге жұмсақтық танытты деп сынаған.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК