USD
USD
USD

Трамп:Путинмен кездесу 15 тамыз күні Аляскада өтеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетін орын мен уақытын жариялады. Кездесу АҚШ-та, Аляска штатында, алдағы жұмада, яғни 15 тамыз күні өтеді, деп хабарлады BBC.

П
Фото: LRT

Алматы, NEGE. "Менің Ресей президенті Владимир Путинмен көптен күткен кездесуім алдағы жұмада, 15 тамыз күні ұлы штат – Аляскада өтеді. Оның мән-жайы туралы әлі жазамын. Назар аударғандарыңызға рахмет!, - деп жазды Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осыған дейін Трамп кездесудің өте танымал жерде өтетінін жариялаған болатын. БАҚ өкілдері, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Мажарстан, Швейцария сияқты жерлерді атады. Путин болса, Біріккен Араб Әмірліктері ыңғайлы екенін айтты.

Бұл АҚШ президентінің Ақ үйге оралғанынан кейінгі Трамп пен Путиннің алғашқы жеке кездесуі болмақ. АҚШ Владимир Путинді тұтқынға алу туралы ордер берген Халықаралық соттың заңын мойындамайды.

Ресей президенті Юрий Ушаков кездесу туралы ақпаратты растады.

Ресей мен АҚШ жақын көршілер, сол себепті Путин мен Трамп кездесуінің Аляскада өтуі ақылға қонымды, деді Ушаков.

Мәскеу Аляскадан кейінгі Путин мен Трамптың кездесуі Ресейде өтеді деген үмітте. АҚШ президентіне шақырту жіберілді, деп қосты Ушаков.

Осыған дейін БҰҰ Трамп пен Путиннің саммитін өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова