USD
USD
USD

Трампқа қарсы импичменттің екінші кезеңі өтті

Бүгін АҚШ-тың бұрыңғы президенті Дональд Трампқа қарсы импичменттің екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Трампқа қарсы импичменттің екінші кезеңі өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Экс-перзидентке халықты бүлікке шақырды және АҚШ үкіметіне қауіп төндірді деген айыптар тағылуда. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 13-і АҚШ өкілдер палатасында 222 демократ пен 10 республикалықтың қолдауымен Трампқа қарсы резалюция қабылданып, Сенатқа жіберілген еді. Конгрестің жоғары палатасында төрт сағатқа созылған тартыстың нәтижесінде 56 да 44 дауыс айырмашылығымен Дональд Трампқа қарсы импичмент жалғастырылатын болды.

Яғни іс келесі кезеңге өтті. Сенаттың алғашқы отырысында бұл жағдайдың АҚШ Конституциясына қаншалықты сай екені талқыланды. 6 қаңтарда болған бүлікті негізге ала отырып, демократтар Трамптың халықты тәртіпсіздіктерге ашық түрде шақырғанын алға тартты. Ал Дональд Трамптың жақтаушылары президенттік қызметтен кеткен тұлғаларға қарсы импичмент жариялау Конституция бойынша қарастырылмағанын айтып, демократтардың бұл әрекетін өз ықпалын күшейтпек деп түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті