USD
USD
USD

Трампқа қарсы импичмент жарияланғалы жатыр

Өкілдер палатасы Трампты биліктен ығыстырудың бар амалын ойлап жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Трампқа қарсы импичмент жарияланғалы жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Конгресс 25-өзгерісті пайдалана отырып жасалған қарарды, содан кейін импичмент жариялау мәселесін талқылайды. Құжат мақұлданса, вице-президент Майк Пенс «Трамп өз міндетін атқаруға шамасы жетпейді» деп мәлімдеме жасауы керек. Содан кейін билікті өз қолына алады. Өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелоси осы шешімді шығару үшін 1 тәулік мүмкіндік беріп отыр. Оның пікірінше, Трамп ел қауіпсіздігіне нұқсан келтірді. Конституция мен демократия құндылықтарына қайшы әрекет жасады. Демократтардың бұл әрекеті Ақ үй жетекшісін қайтадан билікке келу мүмкіндігінен айырады. Естеріңізде болса, ол соңғы сөзінде 4 жылдан соң қайтадан саяси сахнаға шыққысы келетінін аңғартқан еді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия