Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Трампқа импичмент жарияланды

АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы 11 қаңтарда президент Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы хаттама мәтінін ұсынды.

Трампқа импичмент жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, «Трамп бүлік ұйымдастырмақ болып, АҚШ пен үкімет институттарының қауіпсіздігіне қауіп төндірді» деп айыпталып жатыр. Резолюция 13-14 қаңтарда талқыланғаннан кейін импичментке Өкілдер палатасы дауыс беруі тиіс. Егер құжат мақұлданса Сенаттың қарауына өтеді. Сенат қолдаса, Трамптың алдағы уақытта президенттік сайлауға тусуге құқығы болмайды.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың 6-сы Трамптың жақтастары Капитолийге басып кірген еді. Тәртіп сақшылары мен наразылардың арасындағы қақтығыстан 5 адам қаза тапты. Жалпы Ақ үй басшысының президенттік мандаты 20 қаңтарда аяқталады. Дәл осы күні жаңа сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясы өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.