Трампқа сайлау ісі бойынша тағы да айып тағылды
Федералды прокурор Джек Смит 2020 жылғы сайлау ісі бойынша АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қарсы жаңа айыптау қорытындысын ұсынды. Ол бұрынғы актінің түзетілген нұсқасын көрсетті, деп хабарлайды The New York Times.
Алматы, NEGE. Федералды прокурорлар бұрынғы президент Дональд Трампты 2020 жылғы сайлауды бұрмалау үшін сөзбайласты деген айыптау қорытындысының қысқартылған нұсқасын жариялады.
Жаңа айыптауда Ақ үйдің экс-басшысына бұрын да қарсы тағылған негізгі төрт бап бар.
Осылайша, жаңа айыптауда Майк Пенс тек вице-президент қана емес, сонымен қатар бұрынғы президенттің 2020 жылғы 6 қаңтардағы сайлау нәтижелерін куәландыруға тосқауыл қою үшін науқан кезінде Трамптың «жақтасы» болғаны айтылған. Естеріңізге сала кетейік, сол кезде Трампты қолдаған топ Капитолийге басып кірген болатын.
Трамп айыптауға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл қазіргі сайлауға кедергі келтіргісі келетіндердің әрекеті. Осылайша олар америкалықтарды елдегі бар мәселелерден алшақтатуға тырысады.
Айыптау қорытындысы Вашингтон сотына жіберілді. Құжат 27 тамызда жазылған.
Жаңа айыптау қорытындысының одан әрі қалай әсер ететіні белгісіз.
Бастапқыда Трампқа әділет департаментіндегі Трамптың жақтасы Джеффри Кларкпен сөз байласты деген айып тағылды. Ол департаменттің басқа жоғары лауазымды шенеуніктерінің ескертулеріне қарамастан сайлауды бұрмалау фактілерін тергеуді бастауға уәде берді. Дегенмен, АҚШ Жоғарғы Соты Трампты Әділет департаментінің шенеуніктерімен қарым-қатынасының ешқайсысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды деп шешті, өйткені президенттің департаментпен қарым-қатынасы оның негізгі ресми міндеттерінің бөлігі болып саналады.