USD
USD
USD

Трамп пандемияның екінші толқыны басталса АҚШ-ты жаппайды

АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 пандемиясының екінші толқыны басталса, билік елді жаппайтынын мәлімдеді. 

Трамп пандемияның екінші толқыны басталса АҚШ-ты жаппайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Америка көшбасшысы Fox News журналисінің коронавирустың екінші толқыны туралы сұрағына жауап бере отырып, одан қашып құтылу мүмкін еместігін жеткізді. Алайда Ақ үй басшысының айтуынша, Құрама штаттар қатаң шектеу шараларын енгізбестен оны жеңе алады.

Еске салайық, Дональд Трамп сәуір айының соңында Америка штаттарының губернаторларына коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген санитарлық шектеулерді мүмкіндігінше тезірек алып тастауға шақырған болатын. Сарапшылар АҚШ президентінің бұл шешімін, елдегі жұмыссыздық деңгейінің артуымен байланыстырды.

АҚШ Еңбек министрлігінің есебіне сәйкес, пандемия аясындағы шектеулерге байланысты 39 миллион америкалық жұмысын жоғалтқан. Осылайша, АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 14,7 пайызға дейін өсті. Қаржы министрі Стивен Мнучиннің пікірінше, жақын арада ел "ашылмаса", онда экономика орны толмас шығынға батады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, АҚШ коронавирус анықталған 188 елдің ішінде зардап шеккендердің арасында көшбасшы болып тұр. Пандемия басталы бері Құрама штаттарда COVID-19 жұқтырған 1,57 миллион адам тіркелген, 94,7 мың адам қаза тауып, 298,4 мың пациент сауығып шыққан. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.