USD
USD
USD

Трамп Қытайға санкция салу туралы заңға қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және өзге де мұсылмандарды қудалауға атсалысқан Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктеріне санкция салуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Бұған дейін бұл заңды конгресс мақұлдаған болатын.

Трамп Қытайға санкция салу туралы заңға қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжат "Ұйғырларға қатысты адам құқығы саласындағы саясат туралы заң" деп аталады. Ақ үй хабарламасында құжат "Шыңжаңдағы жекелеген мұсылман топтардың құқықтарын өрескел бұзуды айыптайды және нақты тұлғаларға санкция салу өкілетін береді" деп жазылған.

Трамп мәлімдемесінде мұндай адам құқығын бұзу фактілері ретінде бірінші кезекте ұйғырларды арнайы лагерьлерге қамау, Қытайдағы ұйғыр және өзге де аз топтардың даралығы мен діни сенімін жою мақсатында оларға идеологиялық үгіт-насихат жүргізу, мәжбүрлеп жұмыс істету сияқты заңбұзушылықтар атап өтілген.

Заңға сәйкес, американың арнайы қызметі мен мемлекеттік департаменті конгреске Қытайдағы ұйғырлардың жағдайы туралы тұрақты түрде хабар беріп отыруы тиіс, ал президент 120 күн ішінде ұйғырларды қудалауға атсалысқан қытай шенеуніктерінің тізімін жасауы керек. Әлемдік Магнитский заңына сәйкес, оларға санкция салынады. Заңда Шыңжаңдағы Қытай коммунистік партиясының жетекшісі Чен Квангуоның аты-жөні де аталады.

Заң жобасы былтыр әзірленген, алайда оның қабылдануы коронавирус індеті кезінде АҚШ пен Қытай арасындағы жағдайдың ушығуымен тұспа-тұс келді.​

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға