USD
USD
USD

Трамп импичменті дауысқа салынады

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы бүгін президент Дональд Трамп импичментін дауысқа салады.

Трамп импичменті дауысқа салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGEТрампқа екі айып тағылып отыр – билікті асыра пайдалану және Конгресс зерттеуіне кедергі жасау. Өкілдер палатасы импичмент үшін дауыс берсе, Трамп АҚШ тарихында импичментке тартылған үшінші президент атанады.

Президентке импичмент жариялау оның қызметтен кетуін білдірмейді. Айыптауды Сенат бекітуі керек. Ол үшін сенаторлардың үштен екісі импичментті қолдауы тиіс. АҚШ тарихында мұндай жағдай болған емес (Ричард Никсон импичментті дауысқа салу процесіне дейін қызметтен кеткен).

Өкілдер палатасы жалпы отырыста импичментті алты сағат бойы талқылайды, одан соң дауысқа салады.

Трамп қарсыластары – демократтар Өкілдер палатасында көп орынға ие, сол себепті олар екі айыптауды да қабылдауы мүмкін. Республикалықтардың оған дауыс берер-бермесі әзірге белгісіз.

Трамп бұның алдында Палата спикері Нэнси Пелосиге ресми хат жолдап, демократтарды «төңкеріспен» 2016 жылғы президент сайлауының нәтижесін «жоққа шығармақ» деп айыптады. Трамп өкілдері президенттің тікелей таралымды көрмейтінін мәлімдеді.

Тақырыпқа орай оқи отырыңыз: Трамп тіресуге көшті 

 

Сенат Трампты қызметтен алу процесін жаңа жылда бастайды. Әзірге оның қалай жүретіні белгісіз. Республикашылдар Сенатта көп, сол себепті Сенат президентті қызметтен алады дегенге сарапшылар сенбейді.

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

СІМ

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

.

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu