USD
USD
USD

Трамп халық алдында сөз сөйледі

Бүгін Дональд Трамп COVID-19 вирусын жұқтырғалы бері алғаш рет көпшілік алдына шығып сөз сөйледі.

Трамп халық алдында сөз сөйледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ Президенті Ақ Үйдің алдына жиналған қолдаушыларына алғысын білдіріп, сайлау кампаниясының жалғасатынын мәлімдеді. Трамп демократ Джо Байден мен Камала Харристы сынға алып, өзінің президенттік сайлауда жеңіске жететінін айтты. Ақ үй басшысы қара нәсілді американдықтардың өмірін қорғау үшін, елдегі құқық қорғау саласының қызметкерлерін қолдау керектігін де атап өтті.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Барлықтарыңызға алғыс айтқым келеді. Біз латынамерикалық және қара нәсілді американдық азаматтарымызға алғыс білдіргіміз келеді. Менің ойымша, бұл отандастарымызға жағдай жасау үшін құқық қорғау органдарының жұмысын реттеуіміз қажет. Ал демократтар оны қаламайды. Естеріңізде ме, өткендегі президенттік пікірсайыста Байден бұл сұраққа жауап бере алмады. Біз бұл сайлауды жеңеміз. Ал сіздер қарашада өтетін сайлауға барып дауыс беріңіздер. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен апта соңында Дональд Трамп COVID-19 індетін жұқтырып ауруханаға жатқызылған еді. Кейін көп ұзамай ол Ақ үйге қайта оралды. Президенттің вирустан толықтай сауығып шыққаны жайлы ресми ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.