Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Трамп: АҚШ-та коронавирусқа қатысты ахуал қиындай береді

АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттарда коронавирусқа қатысты ахуал қиындай беретінін ескертті.

Трамп: АҚШ-та коронавирусқа қатысты ахуал қиындай береді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл сәуірде елдегі пандемияға қатысты жағдай туралы алғашқы брифингте Трамп вакцина әзірлеу мен ауруды емдеу саласындағы жетістіктер жөнінде айтқан.

Трамп 21 шілдеде Ақ үйде америкалықтарды медицналық маска тағуға үндеп, Құрама Штаттардың кейбір бөлігінде «жағдай әлдеқайда жақсы» деп мәлімдеді. Бұның алдында Трамп бірнеше ай бойы маска тағудан бас тартып жүрген, оны тағу керектігін айтпаған. Енді Трамп маска тағудың вирустың таралуын шектейтінін мәлімдеп отыр.

Өткен тәулікте COVID-19 мыңнан астам америкалықтың өмірін жалмады. Дәл осындай рекордтық көрсеткіш 10 маусымда тіркелген еді.

Әлемнің басқа да мемлекеттері эпидемияның ауыртпалығын басынан өткеріп жатыр. Австралияда Мельбурн тұрғындарына маска тағу міндеттелді. Мексикада коронавирустан қайтыс болғандар 40 мыңнан асты. Бразилияда бір күнде 41 мың адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, бір тәулікте 1 400 науқас қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау