Трамп АҚШ-қа келуге 30 күнге тыйым салды
Біріккен Штаттар президенті Дональд Трамп коронавирус салдарынан Еуропадан АҚШ-қа келуге 30 күнге тыйым салды, деп
ҚазТАГ хабарлады BBC орыс қызметіне сілтеме жасап.
Алматы. NEGE. «Трамп АҚШ-тың Еуропамен кез келген байланыстың, оның шінде теңіз және әуе тасымалы да коронавирустың таралуын тежеу үшін 30 күнге жабылатынын хабарлады. Шаралар жұма күні түнде күшіне енеді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Коронавирустың таралуына байланысты халыққа жасаған мәлімдемесінде Трамп «қатал, бірақ қажетті шектеулер» коронавирусты жұқтырудың 460 жағдайы тіркелген Ұлыбританияға таралмайтынын айтты.
Оның айтуынша, Еуропа одағы (ЕО) АҚШ қабылдағандай «алдын алу шараларын қабылдай алмаған».
Ол сондай-ақ, конгресті АҚШ экономикасына коронавирустың әсерімен күресу аясында салықты жеңілдету шараларын қабылдауға шақырды.
«Мен конгресті америкалықтарға жалақы салығы бойынша шұғыл түрде жеңілдіктер ұсынуға шақырамын», - деді Трамп.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 119 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 4,2 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирусты пандемия сияқты сипаттауға болады деп мәлімдеді.