3 Маусым 08:35
...

Трамп АҚШ жеріндегі тәртіпсіздікті терроризмге теңеді

Фото:

АҚШ-та осымен бір апта ереуілдердің басылатын түрі жоқ. Нью-Йоркте дүкендерді тонау, ғимараттарды қирату деректері әлі жалғасуда.

Алматы, NEGE. Сол себепті мұнда коменданттық сағат жарияланды. Шолушылар мұндай қақтығыстарды 60-жылдардан бері алғаш көруіміз дейді. Енді ресми сараптама нәтижелерін қолға алған Флойд отбасының адвокаттары тұтқындауға қатысқан полицейдің төртеуі де жазаға тартылсын деп отыр. Негізі бұл іске қатысты тәртіп сақшыларының тек біреуі ғана қамауға алынған еді. Қалған үшеуі тек қызметінен босатылған. Ал марқұмның бауыры бүлік шығарып, тәртіпсіздіктер орнатқан жұртты сабырға шақырды.

  "Сіздердің қандай күйде екендеріңізді жақсы түсенімін. Алайда қазір не істеп жатсыздар? Бұларыңыз не? Менің бауырым қайтып оралмайды. Ол тірі болса мұндай жағдайды көргісі келмес еді. Біз өз ойымызды жеткізу үшін өзгеше жолмен әрекет етуіміз керек" деді Терранс Флойд. 

Жұртты ақылға келуге полицейлер де шақырып отыр. Біраз тәртіп сақшысы ереуілшілерді қолдайтындарын жеткізді. Бірақ олар ашуға бой алдырмай, бейбіт ереуіл өткізуге үндеп отыр. Осылай деген полицейлер тізе бүгіп, шерушілерге қолдау көрсетті.

Тегтер: