USD
USD
USD

Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Франция Президенті Эммануэль Макронның «жақын арада қызметінен кететінін» мәлімдеді.

Франция президенті
Фото: wikimedia commons

Астана, NEGE. 14 наурызда Дональд Трамп бірнеше елден, соның ішінде Франциядан теңіз жолының қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз ету үшін Ормуз бұғазына әскери кемелерін жіберуді сұраған болатын.

17 наурызда Эммануэль Макрон аймақта белсенді әскери операциялар жүріп жатқанда Париж Ормуз бұғазын қорғау операциясына қосылмайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол жағдай тұрақталғаннан кейін Франция тарабы кемелерді алып жүруге қатысатынын атап өтті.

БАҚ өкілдері Дональд Трамптан Макронның осы мәлімдемесіне пікір білдіруді сұрады.

«Ол жақын арада қызметінен кетеді, сондықтан уақыт көрсетеді», – деп жауап берді Трамп бұл сұраққа.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Израильдің Ирандағы әскери операциясынан кейін Тегеран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасын жауып тастады. Бұғаз арқылы жүк тасымалдау жолының жабылуы мұнай бағасының күрт өсуіне әкеп соқтырды.

 

 

 

Қазір оқып жатыр

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы