USD
USD
USD

Трамп: Вашингтондағы ұшақ апатынан ешкім аман қалмады

АҚШ-тың Потомак өзенінде болған әуе апатына қатысты тергеу жүріп жатыр. Соңғы мәліметке сәйкес, судан 30 адамның денесі шығарылған.

Дональд
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Президент Дональд Трамп ұшақ апатынан ешкім тірі қалмағанын мәлімдеді.

Сонымен қатао Дональд Трамп Вашингтондағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында Ресей азаматтары бар екенін растады және олардың отбасына көңіл айтты.

«Бұл барлық адамға, соның ішінде, өкінішке қарай, бортта болған басқа ел азаматтарына да әсер етті. Олардың туыстары қазір Уичитода, Канзаста, Вашингтонда және бүкіл Америкада және Ресейде қайғы жамылып отыр. Сонымен қатар жолаушылар арасында өте талантты адамдардан құралған ресейлік топ болды. Өкінішке қарай, олар осы ұшақ ішінде болған. Қайғыра көңіл айтамын», - деді Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде.

Естеріңізге сала кеиейік, Американың American Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшағы Вашингтон маңында әскери тік ұшақпен соқтығысып, Потомак өзеніне құлады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты