USD
USD
USD

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

АҚШ президенті Дональд Трамп, оның жұбайы, әкімшілік өкілдері және Конгресс мүшелері Ақ үй жанындағы тілшілер қауымдастығының жыл сайынғы кешкі асында эвакуацияланды.

Трамп
Фото: Видео-скрин

Астана, NEGE. БАҚ мәліметінше, Ақ үй тілшілерімен салтанатты кеш өтіп жатқан Washington Hilton қонақүйінде оқ атылғаннан кейін Трамп шұғыл түрде қауіпсіз жерге шығарылған.

Құпия қызметтің хабарлауынша, оқиғаға байланысты бір адам ұсталды. Президент пен күзеттегі барлық тұлғалар қауіпсіз жерде.

Құпия қызметтің коммуникациялар жөніндегі директоры Энтони Гульельми X әлеуметтік желісінде тергеу жүріп жатқанын хабарлап, президент, бірінші ханым және басқа қонақтардың аман екенін растады. Кешкі ас кейінге шегеріліп, 30 күн ішінде қайта өткізілетін болды.

Трамптың өзі Truth Social желісінде құқық қорғау органдары олардан хаттамаға сәйкес ғимараттан шығуды сұрағанын жазды. Сондай-ақ ол баспасөз алдына шығатынын және өтпей қалған кештің орнына 30 күн ішінде жаңа шара ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

«Вашингтонда өте қарбалас кеш болды. Құпия қызмет пен құқық қорғау органдары тамаша жұмыс атқарды. Олар тез әрі батыл әрекет етті. Күдікті ұсталды, мен «шоуды жалғастыруды» ұсындым, бірақ толықтай құқық қорғау органдарының шешіміне сүйенемін. Олар жақын арада шешім қабылдайды. Бәрін қайта өткізуге тура келеді», – деп жазды Трамп.

Трамп
Фото: Donald Trump/Truth Social

Сондай-ақ Трамп ұсталған адамның суретін жариялады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер