USD
USD
USD

Трамп Тоқаевқа Ақ үйдің "кілтін" сыйлады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сияпат жолдады. 

telegram/ruslanzheldibay
Фото: telegram/ruslanzheldibay

Астана, NEGE. Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Оның айтуынша, 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов АҚШ президенті Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі қысқаша әңгімелескен. Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөліскен.

«АҚШ президенті Қазақстан Президентіне жылы лебізін білдіріп, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты "халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам" деп сипаттады», – деп жазды Руслан Желдібай Telegram арнасында.

Шара соңында Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсбол қалпағы сынды сый-сияпаттар табыстаған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі