USD
USD
USD

Трамп Таиланд пен Камбоджа премьерлерінің кездесуге дайын екенін хабарлады

АҚШ президенті Дональд Трамп Таиланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Пхумтам Вечаячай мен Камбоджа премьер-министрі Хун Манет қақтығысты тоқтату мақсатында келіссөз жүргізуге келіскенін мәлімдеді, деп хабарлайды DW.

Дональд Трамп
Фото: ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE.  «Олар шұғыл кездесіп, атысты тоқтату жоспарын тез әзірлеуге уағдаласты» деп жазды Трамп Truth Social желісінде екі ел басшыларымен телефон арқылы сөйлескен соң.

АҚШ президентінің айтуынша, Вашингтон бұл елдермен сауда қатынастарын жалғастыруды бейбіт келісімнің жасалуына байланысты қарастырады.

— Біз екі елмен де сауда жасаймыз, бірақ олар соғысып жатқанда ешқандай мәміле болмайды. Мен жағдайды жеңілдетуге тырысып отырмын. Қақтығыста көптеген адам қаза тауып жатыр, — деді Трамп.

Тараптар бейбіт келісімге қол жеткізсе, АҚШ сауда байланыстарын қайта жандандыруға дайын екенін президент атап өтті.

Бұған дейін Камбоджа мен Таиланд БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында өзара талаптарын жеткізген еді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер

Қазақстанда мобильді аударым лимиті 1 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қоңырау

Қазақстан мен Корея: саяси диалогтан технологиялық әріптестікке

Жансая Нұралиева