USD
USD
USD

Трамп: Путинмен Украина бойынша келісім жасалатын болса ғана кездесемін

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Украина бойынша бейбітшілік келісім жасалатын болса ғана кездесетінін мәлімдеді, деп жазды azattyq.

Трамп
Фото: Kevin Lamarque / Reuters

Алматы, NEGE. "Уақытымды босқа жоғалтқым келмейді" деді президент.

Трамп мұны Air Force One ұшағымен Оңтүстік-Шығыс Азияға бара жатқан жолда журналистерге айтты. АҚШ президенті алдағы бейсенбіде Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесу кезінде Украинадағы соғыс және Ресейге ықпал ету мүмкіндігін талқылайтынын да растады. Оның сөзінше, Қытай басшысымен Ресей мұнайын сатып алуға шектеу қою мәселесін де ортаға салмақ.

Трамп Катар әмірі Тамим бин Хамад әл-Тани және Катар премьерімен кездесуден кейін сұрақтарға жауап берді. Екі ел басшыларының кездесуі Трамптың ұшағы Катарға жанармай толтыру үшін қонған кезде өткен. Кездесу барысында Газа секторының болашағы да сөз болған. Катар – Газа секторында атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу кезінде араағайындық жасағандардың бірі болған.

Трамп Газада тәртіпті қамтамасыз етуге халықаралық күштерді тарту мәселесін талқылағанын айтты. АҚШ президентінің сөзінше, Катар осы миссияға араласуға дайын екенін білдірген.

Осы аптаның басында АҚШ басшысы Ресей президентімен Будапештегі кездесуін кейінге шегерген еді. Оның сөзінше, кездесу болашақта өтпек. Владимир Путин кездесудің кейінге шегерілгенін айтқан.

Осы аптада АҚШ Ресейдің екі ірі мұнай компаниясына санкция салды. Бұл Мәскеу Трамптың атысты тоқтату бойынша соңғы ұсынысын іс жүзінде кері қаққаннан кейін болды. Атысты қазіргі майдан сызығында тоқтату туралы АҚШ-тың ұсынысын Украина қабылдаған. Ал АҚШ-қа барған Путиннің арнайы уәкілі Кирилл Дмитриев соғыстың дипломатиялық жолмен шешілуіне аз қалды деп мәлімдеп отыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында жылқылар қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып жатыр

Маңғыстау облысы

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

Баспана

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы