USD
USD
USD

«Трамп Путинге қоңырау шалып, Украинадағы жағдайды талқылады»

Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады. Ақпаратты әзірге Кремль де, америкалық саясаткердің тарапы да ресми растап немесе жоққа шығарған жоқ. 

Трамп Путин
Фото: Коллаж

Алматы, NEGE. АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп қызметіне кірісер алдында Ресей басшысы Владимир Путинге қоңырау шалып, Украинадағы жанжалды реттеу мәселесін талқылады. Басылымның мәліметінше, Трамп Путинге Флоридадағы резиденциясынан телефон соққан. 

The Washington Post жариялаған ақпарат көздерінің айтуынша, Трамп Путинді шиеленісті ушықтырмауға шақырып, Еуропада америкалық әскери базалардың жеткілікті екенін еске салды.

Трамп соғысты тоқтату үшін  бейбіт келіссөздердің ертерек жүруіне мүдделі екенін атап өткен. 

Бұған дейін Путин «Валдай» пікірсайыс клубының отырысында сөйлеген сөзінде Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, оның да диалогқа дайын екенін ашық айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, Трамп Зеленскиймен өткен сәрсенбіде телефон арқылы сөйлескен болатын. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала