USD
USD
USD

Трамп пен Путиннің кездесуі келісімсіз аяқталды

АҚШ-тың Аляска штатының Анкоридж қаласындағы әскери базада Трамп-Путин саммиті мәресіне жетті.

Путин
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құрама Штаттар мен Ресей президенттері 3 сағатқа жуық келіссөздерден кейін журналистер алдында баспасөз маслихатын өткізді. Бірінші болып Владимир Путин мәлімдеме жасады. Содан кейін Дональд Трамп сөз сөйледі.

Өз мәлімдемесінде Трамп келіссөздердің келісімсіз аяқталғанын мойындағанымен, Украина мәселесі бойынша «үлкен прогресс» жасалғанын атап өтті. Тағы бір сөзінде Трамп екі жақтың позицияларында өзгешеліктер барын айтып, енді Украина президенті Владимир Зеленскиймен және НАТО басшысымен сөйлесетінін хабарлады.

Путин «жанжалды аяқтауға шын жүректен мүдделі» екенін мәлімдегенімен, осы сөзіне қатысты егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Айта кететін тағы бір жайт, Трамп Путиннің «келесі кездесу Мәскеуде өтсін» деген ұсынысымен келісетінін білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер