USD
USD
USD

Трамп өзіне жасалған қастандықтан кейін мәлімдеме жасады

Дональд Трамп Trump International гольф клубында болған оқиға қатысты өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.

Дональд Трамп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Саясаткер оқиға кезінде ешкім зардап шекпегенін айтты. Өкінетін жайт – ол гольф ойынын тоқтатуға мәжбүр болған. 

– Баршаңызға алаңдаушылық танытып, ізгі тілектеріңізді білдіріп жатқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Өзі бір қызық күн болды. Ең бастысы, бәрі аман. Мен Америка Құрама Штаттарының құпия қызметіне, шериф Рик Брэдшоуға және оның кеңсесіне, бүкіл заңға алғыс білдіремін, – деді Трамп.

CNN арнасының хабарлауынша, билік бұл оқиғаны Трампқа қастандық деп бағалап отыр. Телеарна дереккөзінің хабарлауынша, оқ Трампты өлтіруге бағытталған. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Trump International гольф алаңында президенттікке үміткер  Дональд Трамп бар кезде оқ атылған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ құпия қызметінің офицерлері қолында атыс қаруына ұқсайтын заты бар күдікті адамды байқап, оған бірнеше рет оқ атқан. Кейінірек ер адам Палм-Бич округінің солтүстігіндегі жолда ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы