USD
USD
USD

Трамп Ормуз бұғазындағы Иран кемелеріне қайта блокада енгізетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран кемелеріне қайта блокада енгізілетінін және басқа елдердің кемелерінен бұғаз арқылы өткені үшін ақы алынатынын хабарлады.

Ормуз бұғазы
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде АҚШ басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

«Ормуз бұғазы ашық және Иранмен болсын, Ирансыз болсын ашық күйінде қалады. Біз Иранға қатысты блокаданы қайта енгіземіз. Ол тек Иран кемелерін немесе олардың клиенттерінің бұғазға кіріп-шығуына шектеу қояды. Ал қалған барлық ел бұғазды әділ әрі еркін пайдалану құқығына ие болады», – дейді Трамп.

Оның айтуынша, осы сәттен бастап АҚШ «Ормуз бұғазын қорғаушы» ретінде танылады. «Әділдік мақсатында» коммерциялық жүк тасымалдаушылардан жүк құнының 20%-ы көлемінде төлем алынбақ. Оның сөзінше, бұл қаражат бұғаздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығындарын өтеуге бағытталады.

Алайда Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) бұл бастамаға қарсы шықты. Олардың ұстанымы бойынша, Ормуз бұғазы арқылы транзиттік өту халықаралық құқыққа сәйкес ешқандай баж салығы мен алымдарсыз жүзеге асырылуы тиіс.

«Кемелердің өтуіне ештеңе кедергі келтірмеуге, қиындатпауға, нашарлатпауға немесе тоқтатпауға тиіс», – делінген IMO кеңесінің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ ұйым Ормуз бұғазында және оған жақын маңда азаматтық сауда кемелеріне жасалған шабуылдарды айыптай отырып, Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге шақырды.

АҚШ Орталық қолбасшылығының баспасөз хатшысы Тимоти Хокинс CNN телеарнасына берген мәлімдемесінде әскери күштер блокаданы қайта бастауға дайындалып жатқанын айтты. Оның сөзінше, алдағы бірнеше сағат ішінде блокаданың нақты қашан және қалай басталатыны белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

«Жағдай мәз емес»: Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына қатаң ескерту жасады

Алматы, 3-ЖЭО

Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта жандандырмақ

Дубай рейстері

Қазақстандықтар жеке табыс салығының бірінен босатылуы мүмкін

Салық кодексі

Петропавлда 25 жыл жазасын өтеп келген «балталы маньяк» әйелге шабуылдамақ болған

маньяк