USD
USD
USD

Трамп Қытайды сауда келісімін бұзды деп айыптады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды Вашингтонмен жасалған сауда келісімінің шарттарын бұзды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі парақшасында жазды.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Трамптың айтуынша, екі апта бұрын Қытай экономикасы күрделі қауіп-қатерге тап болған. Бұған Пекиннің енгізген жоғары кедендік тарифтері себеп болды, соның салдарынан Қытайдың АҚШ нарығында сауда жүргізуі іс жүзінде мүмкін болмай қалған. Ол АҚШ-ты «әлемдегі №1 нарық» деп атады.

«Біз Қытаймен қырғи-қабақ соғысқа кірдік, бұл оларға ауыр тиді. Көптеген зауыттар жабылып, азаматтық толқулар орын алды. Бұл жағдай маған да, оларға да ұнамады», – деді Трамп.

Ол Қытайды экономикалық күйреуден сақтау үшін Пекинмен жедел келіссөздер жүргізіп, арнайы келісім жасағанын айтты.

«Мен жағдайдың ушығуын қаламадым. Келісім нәтижесінде ахуал тұрақталып, Қытай қалыпты бизнеске қайта оралды. Бірақ, өкінішке қарай, Қытай бұл келісімді толық бұзды», – деді ол.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісінен кейін Вашингтон Қытайдан келетін тауарларға кедендік алымдарды 145%-ға дейін арттырса, Пекин америкалық өнімдерге 125%-дық тариф енгізді.

Биыл мамырда Швейцарияда өткен келіссөздерден кейін тараптар тарифтерді уақытша төмендетуге келісті. 14 мамырдан бастап:

АҚШ Қытай өнімдеріне салынатын тарифті 145%-дан 30%-ға дейін түсіреді (90 күнге);

Қытай АҚШ өнімдеріне салынатын тарифті 125%-дан 10%-ға дейін азайтады.

Сондай-ақ, тараптар сауда және экономикалық қарым-қатынасты реттеу үшін арнайы келіссөз тетігін құратынын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

.

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер