USD
USD
USD

Трамп Иранның ядролық нысандарын жоятынын ескертті

Егер Иран ядролық нысандарын қайта қалпына келтіргісі келсе, олар жойылады. 

Иранға қатысты
Фото: АА

Алматы, NEGE. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде жазды.

— Ирандағы үш ядролық нысан толығымен жойылды және/немесе істен шығарылды. Оларды қайта іске қосуға бірнеше жыл қажет болар еді. Егер Иран оларды қайта жандандыруды қаласа, бұл оған тиімсіз болмақ. Одан да үш жаңа жерде жаңадан бастау тиімдірек болар еді — өйткені олар қайтадан жойылады, — деп жазды Ақ үй басшысы.

Бұған дейін Иран билігі санкциялық қысым күшейсе, ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін ескерткен. Сондай-ақ уранды 60%-дан жоғары деңгейде байыту, заманауи центрифугалар өндірісі мен экспортын ұлғайту жоспарлары бар екенін айтқан. Бұл туралы Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының өкілі Эбрахим Резаи Tasnim агенттігіне мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша