2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Трамп: Харрис менің идеяларымды ұрлап алды

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзінің бәсекелесі Камала Харристі өзінің платформалық бастамаларын ұрлап алды деген пікірде. 

Харрис
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзінің бәсекелесі Камала Харристі өзінің платформалық бастамаларын, әсіресе қызмет көрсетушілерге арналған салықты алып тастау туралы идеясын ұрлады деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сауалнамаларда айтарлықтай жеңіліске ұшырай бастаған Камала Харрис менің салыққа қатысты саясатымды көшіріп алды. Айырмашылығы – ол оны жүзеге асырмайды, оған тек саяси мақсаттар қажет. Бұл Трамптың идеясы еді, оның өз идеялары жоқ, ол оны тек менен ұрлай алады», деп жазды ол Truth әлеуметтік желісінде.

Сенбіде Харрис Лас-Вегаста өткен митингіде ұлттық салықты алып тастау туралы сөз қозғады. Сонымен қатар ол АҚШ-та бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдауға уәде берді.

Десе де Трамп бұған дейін бірнеше рет салықты алып тастауды жақтап, мәселе көтерген.

Елдегі президент сайлауы 5 қарашада өтеді. Демократиялық партиянының намысын қазіргі америкалық көшбасшысы Джо Байден қорғайды деп болжанған. Бірақ ол бірқатар себептерге байланысты 21 шілде күні жарыстан бас тарту туралы шешім қабылдады және Харристің жоғары мемлекеттік лауазым жолындағы кандидатурасын қолдады.

Қазір оқып жатыр

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы