USD
USD
USD

Трамп ХАМАС-қа қатысты «тарихи келісімге» қол жеткізілгенін мәлімдеді

Бейбітшілік кеңесі ХАМАС пен Газа секторындағы өзге де қарулы топтарды толық қарусыздандыру туралы келісімге қол жеткізді.

Трамп
Фото: Getty Images / Kevin Dietsch

Астана, NEGE. Бұл жөнінде АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

«Бұл келісім Газа секторын ақыры жаңа Палестина үкіметінің басқаруына беруге жол ашады. Жаңа үкімет палестиналық халыққа көмек көрсету үшін Бейбітшілік кеңесімен тығыз жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар Израиль өзіне тиесілі қауіпсіздікке қол жеткізеді, өйткені Газа енді террористік шабуылдарға арналған база ретінде пайдаланылмайды», – деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social желісінде.

Трамптың мәлімдеуінше, қарусыздандыру шаралары аяқталған сайын Израиль әскері шығарыла береді. Халықаралық тұрақтандыру күштері жаңа Палестина полициясымен бірлесіп, Газа тұрғындары мен көршілес елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойнына алады.

«Бір жыл бұрын өңірде қиян-кескі соғыс жүріп, ауыр гуманитарлық дағдарыс болды, ал кепілге алынған адамдар адам төзгісіз жағдайда ұсталды. Біз тарихи жетістікке қол жеткіздік, алайда алда әлі де атқарылатын жұмыс көп», – деді АҚШ Президенті.

Сондай-ақ Трамп 7 қазандағы Газада болған қауіп-қатердің қайталануына жол берілмейтінін, жаңа келісімге сәйкес, Газа секторы жаңа Палестина үкіметінің басқаруына өтетінін атап өткен.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та былапыт сөз айтқан Түркістан тұрғыны жауапқа тартылды

жауапкершілік

Әлем жасанды интеллектіні қалай реттеп жатыр?

ЖИ

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті

каникулдар

700 метр тереңдіктегі кездесу: «Әділет» партиясының өкілдері шахтерлармен не талқылады?

«Әділет» партиясы