Референдум Референдум
USD
USD
USD

Трамп Google-ді қорғап, Еуроодаққа ескерту жасамақ

АҚШ президенті Дональд Трамп Google компаниясына салынған 2,95 млрд еуро көлеміндегі айыппұлға байланысты Еуроодаққа жауапты шаралар қолданатынын айтты.

Дональд Трамп
Фото: Фото: m24.ru

Алматы, NEGE. АҚШ президенті Дональд Трамп Google компаниясына салынған 2,95 млрд еуро көлеміндегі айыппұлға байланысты Еуроодаққа жауапты шаралар қолданатынын айтты, деп хабарлайды Euronews. 

Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Трамп бұл шешімді «өте әділетсіз» деп атап, өз әкімшілігінің «бұл дискриминациялық әрекеттердің күшінде қалуына жол бермейтінін» жазды.

Ол сондай-ақ АҚШ-та салық төлейтін америкалық компанияларға салынған әділетсіз айыппұлдарды жою үшін Сауда туралы 1974 жылғы заңның 301-бабына сәйкес тергеу бастайтынын мәлімдеді. Аталған заңға сәйкес, АҚШ басқа мемлекеттердің әрекеттерін «негізсіз» немесе «әділетсіз» деп тапқан жағдайда, оларға қарсы қосымша тарифтер енгізе алады.

– Мен Еуропалық одақпен бұл мәселе бойынша сөйлесетін боламын, – деді Трамп жұма күні Ақ үйде журналистерге.

Еуропалық комиссияның хабарлауынша, тергеу барысында Google компаниясының онлайн-жарнама нарығында өз қызметтерін артықшылықпен пайдаланып, бәсекелестеріне, жарнама берушілер мен онлайн-баспагерлерге зиян келтіргені анықталған.

Зерттеу Google-дың AdX биржасы мен DFP жарнама платформасына қатысты болды. Бұл құралдар жарнама берушілер мен өз сайттарында жарнама орнын сатқысы келетін баспагерлерді байланыстыратын жүйе болып табылады.

Бұл – 2017 жылдан бері Еуроодақтың Google-ға төртінші рет ірі айыппұл салуы. Бұған дейін де Брюссель компанияға миллиардтаған еуро көлемінде санкциялар қолданған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда