USD
USD
USD

Трамп Еуропалық Одаққа қарсы 50% баж салығын енгізбек

АҚШ президенті  Дональд Трамп 23 мамыр күні Еуроодақ елдерінен АҚШ-қа импортталатын барлық тауарларға 50% баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады.

Д
Фото: Win McNamee/Getty Images

Алматы, NEGE. Трамп Еуропалық одақтың "АҚШ-тан сауда саласында басымдық алу мақсатында құрылғанын" атап өтті. Сондай-ақ ол еуропалықтармен "қарым-қатынас жасау өте қиын" екенін айтып, шағымданды.

"Олардың мықты сауда кедергілері, қосымша құн салығы (ҚҚС), мағынасыз корпоративтік айыппұлдары, ақшалай емес сауда шектеулері, ақша-несие манипуляциялары, америкалық компанияларға қарсы әділетсіз және негізсіз сот істері және басқа да көптеген себептерге байланысты АҚШ-пен сауда тапшылығының жылына 250 миллион доллардан асып кетіп отыр. Бұл ақылға қонбайтын көрсеткіш", – деп жазды Трамп.

Оның айтуынша, Еуроодақпен жүргізілген келіссөздер еш нәтиже бермеген. Сондықтан 2025 жылдың 1 маусымынан бастап тікелей 50 пайыздық тариф енгізуді ұсынатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі