USD
USD
USD

Трамп әлемдегі ең қауіпті қаланың бірін атады

АҚШ президенті Вашингтонда қылмысқа қарсы кең ауқымды күресті бастады.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон көшедегі қылмыстың артуына байланысты әлемдегі ең қауіпті қалалардың біріне айналғанын айтты.

АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ астанасы қазіргі уақытта қауіпті екенін мәлімдеп, оны жақын арада түзетуге уәде берді.

«Дүйсенбіде, 11 тамызда Ақ үйде Вашингтондағы зорлық-зомбылық қылмысын түбегейлі тоқтататын баспасөз конференциясы өтеді», - деп жазды ол.

Трамптың мәлімдемесіне жақында бір топ жасөспірімнің кәсіпкер Илон Масктың 19 жастағы бұрынғы көмекшісі Эдвард Користинді аяусыз ұрып-соғуы себеп болған. Осы сәттен бастап Трамп Вашингтонда қылмысқа қарсы кең ауқымды күресті бастады.

«Бүгін түннен бастап Вашингтонда қылмыскерлер үшін қауіпсіз баспана болмайды», - деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифингте.

Қазір оқып жатыр

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу

Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды

ЖИ көмегімен жасалған