USD
USD
USD

Трамп АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісім жасалғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иран Ислам Республикасымен келісімге келгенін және көп ұзамай әскери-теңіз блокадасы алынып, Ормуз бұғазы ашылатынын хабарлады.

Трамп
Фото: instagram.com/whitehouse

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ақ үй басшысы Truth Social желісінде жазба жариялады.

«Иран Ислам Республикасымен жасалған келісім мәресіне жетті. Баршаңызды құттықтаймын! Осы арқылы мен Ормуз бұғазын кедендік бажсыз ашуға толық рұқсат беремін және бір мезгілде Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз блокадасын дереу алып тастауға рұқсат етемін. Бейбітшілік кемелері, қозғалтқыштарыңызды іске қосыңыздар! Мұнай ағылсын!», – деп жазды Трамп.

Сондай-ақ ол жұма күні, яғни 19 маусымда келісімге қол қойылып, бұғаз ашылғаннан кейін минасыздандыру жұмыстары жүргізілетінін, нәтижесінде мұнай екі бағытта да қайта тасымалдана бастайтынын атап өтті.

Келісімге 14 маусым күні Пәкістан, Қатар, Сауд Арабиясы және Түркияның араағайындығымен өткен келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген. Бұл жөнінде Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф мәлімдеді. 

«Қарқынды келіссөздерден кейін біз Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы арасындағы бейбіт келісімге қол жеткізілгенін қуана хабарлаймыз. Екі тарап та барлық бағыттағы, соның ішінде Ливандағы әскери іс-қимылдарды дереу және түпкілікті тоқтататынын мәлімдеді. Келісімге қол қою ресми рәсімі 19 маусым, жұма күні Швейцарияда өтеді», – деп мәлімдеді ол әлеуметтік желіде.

Mehr агенттігінің мәліметінше, Вашингтон Иран Ислам Республикасының бұғатталған активтерінен 24 миллиард долларды босатуға; бұл қаражаттың жартысын келісімге қол қойылғанға дейін қайтаруға; Тегеранға қарсы мұнай санкцияларын алып тастауға және жаңаларын енгізбеуге; Таяу Шығыстағы әскери күштерін ұлғайтпауға; одақтастарымен бірге Иран экономикасын қалпына келтіруге арналған кемінде 300 миллиард доллар көлеміндегі жобаны ұсынуға міндеттенбек.

Ал Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарт талаптарын ұстанатынын растайды және ядролық қару жасамауға міндеттенеді.

Түпкілікті келісім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарымен бекітіледі.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Полиция

«Бұл – жабайылық»: Қазақстан футболында төрешіге қатысты тағы дау шықты

Андрей Карпович

Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа алғыс айтты

Тоқаев, Қошанов

«Челси» Дастан Сәтпаевты негізгі команданың жиынына шақырды

.