USD
USD
USD

АҚШ-та Трамптың саясатына қарсы жаппай наразылық шаралары өтті

Америка қалаларында Дональд Трамптың саясатына қарсы либералды наразылық білдірушілер манифестацияға шықты. Бұл Трамптың президент лауазымына кіріскелі алғаш рет болып тұрған наразылық акциясы, деп хабарлады ВВС.

АҚШ
Фото: видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Hands Off («тарт қолыңды») науқанын ұйымдастырушылар 50 штат бойынша 1200 жерде акция ұйымдастыруды жоспарлаған. Сенбі күні адамдар тобын Бостон, Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Вашингтон сияқты қалалардан көруге болатын еді.

АҚШ-тың ірі қалалары тұрғындарының арасында Трампқа қарсылар көп.

Дегенмен, жария түрдегі наразылық шаралары кейінгі айларда көп болған жоқ. БАҚ-қа пікір білдіргендер бұның бірнеше себебін атап отыр. Америка қоғамының либералдық бөлігі мәдени соғыстан шаршаған, күйзеліске ұшыраған, олар өз әрекеттеріне жауап ретінде Трамп күш қолдана ма деп үрейленеді.

Трамп импортқа жоғары кедендік тарифтерді енгізуі туралы жариялаған соң демонстрациялар көптеген елдерде өтті. Нақтырақ айтқанда, Лондонда, Парижде және Берлинде.

Вашингтондағы митингте Демократиялық партия атынан сайланған заң шығарушылар сөз сөйледі. Олар әсіресе Трампқа Илон Маск сияқты бай донорлардың ықпалы туралы айтты. Флоридалық конгрессмен Максвелл Фрост қалыптасқан жағдайды үкіметті миллиардерлер билеп отыр деп бағалады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек