USD
USD
USD

Обама 2016 жылғы сайлауда алаяқтық жасаған ба?

АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обаманы 2016 жылғы президенттік сайлауда алаяқтық жасады деп айыптады.  

Дональд Трамп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Трамп Fox News арнасының журналисі Харрисон Филдстің Обаманың сайлау нәтижелерін бұрмалау әрекеттерін әшкерелеген сөзін жоғары бағалады.

— Fox News-тің жас әрі талантты журналисі Харрисон Филдс тамаша жұмыс атқарды. Сарапшылар тобы Обаманы және жаңа ғана жоғары деңгейдегі сайлау алаяқтығы үшін әшкереленген «бандаларды» сотқа тартуды ұсынды, — деп жазды Трамп.

Сонымен қатар АҚШ президенті Ұлттық барлау директоры Тулси Габбардты да атқарған жұмысы үшін мақтады.

Жұма күні Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбард 2016 жылғы сайлауда Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін Обама әкімшілігінің сайлау нәтижелерін жоққа шығару үшін жалған ақпарат таратпақ болғанын дәлелдейтін есеп жариялады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы

Астана маңында төрт адамды өлтірген ер адам түрме жазасынан босатылды

адам өлімі