USD
USD
USD

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға келісім жасау үшін 48 сағат мерзім бергенін мәлімдеді. Ол талап орындалмаған жағдайда елге қатаң шара қолданылатынын ескертті.

депорация
Фото: trtrussian.com

Алматы, NEGE. Дональд Трамп бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, бұған дейін Иранға келісімге келу немесе Ормуз бұғазын ашу үшін 10 күн уақыт берілген.

«Уақыт аяқталуға жақын. Егер 48 сағат ішінде келісім болмаса, тозаққа айналады», – деді Трамп.

Ақ үй басшысы Иран келісімге 6 сәуірге дейін келуі тиіс екенін атап өтті. Бұған дейін ол Иранның энергетикалық нысандарына қатысты қысымды уақытша шектегенін, алдымен 5 күнге, кейін 10 күнге ұзартқанын айтқан.

Трамптың сөзінше, мұндай шешім Тегеранмен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде қабылданған. Алайда Иран билігі мұндай келіссөздердің болғанын жоққа шығарып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы