USD
USD
USD

Тойға бара жатқан автобус өзенге құлап, 22 адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстігінде тойға бара жатқан автобус өзенге құлап, кем дегенде 22 адам құрбан болған. Бұл туралы елдің құтқару қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. 

өзен
Фото: dawn.com

Алматы, NEGE. Гилгит-Балтистанның Диамер ауданында үйлену тойына адамдарды тасымалдаған автобус өзенге құлап кеткені хабарланды. Іздеу кезінде тойы болғалы тұрған келін тірі табылған, ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.

Суға кеткендердің арасында әйелдер де бар. Полиция қызметкері өзеннен 16 мәйіт шығарылғанын, іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза болғандардың отбасы мүшелеріне көңіл айтты.

Мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғасы болған аумақта оқыс оқиғалар жиі орын алады. Қолайсыз ауа-райы, қиылыстар, кедір-бұдыр жолдар, кептелістер мен минималды жол қозғалысы ережелері апат қаупін арттырады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі