USD
USD
USD

«Тоттенхэм» Жозе Моуриньюді қызметінен босатты

Лондонның «Тоттенхем» футбол клубы бас жаттықтырушы Жозе Моуриньюді отставкаға жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Еuronews.

«Тоттенхэм» Жозе Моуриньюді қызметінен босатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Клуб басшылығы команданың осы маусымдағы жетістіктеріне көңілі толмады. Қазір команда «Премьер-лигада» жетінші орында. 58 жастағы португалдық жаттықтырушы 2019 жылдың қараша айынан бастап аргентиналық Маурисио Почеттиноның орнын алмастырып команданы басқарды. Моуриньомен бірге оның жаттықтырушылар штабының мүшелері — Жоао Сакраменто, Нуну Сантуш, Карлос Лалин және Джованни Серра да командадан кетеді. Бұқаралық ақпарат құралдары Моуриноның ізбасарлары ретінде «Лейпцигтің» бас бапкері Юлиан Нагельсман мен қазір «Лестер Ситиді» басқарып отырған Брендан Роджерсті атауда. Әзірге команданы «Тоттенхэм» футбол мектебінің тәрбиеленушісі Райан Мейсон жаттықтырады.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент