USD
USD
USD

Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа комитеттері құрылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамындағы жаңа комитеттердің атауы белгілі болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа комитеттері құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды. Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілді.

Бұдан бөлек ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Еске сала кетсек, биыл қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды. Кейіннен Юрий Ильин ҚР Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр жаңа мемлекеттік комиссияны басқарады

Роман Скляр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру

«Ресей үшін қуандым»: Тоқаев Путинді Қытайдағы саммит қорытындысымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин