USD
USD
USD

Төтенше жағдайлар министрлігіне қосымша міндеттер жүктеледі

Төтенше жағдайлар министрлігіне бірқатар қосымша функция берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қосымша міндеттер жүктеледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатта көрсетілгендей, енді ведомствоға мына функциялар берілмек:

- трассалық медициналық-құтқару пунктерін орналастыру, қайта орналастыру және жою бойынша орындарды айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халыққа (оның ішінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне) шұғыл психологиялық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі Апаттар медицинасы жасағының жұмысы үшін денсаулық сақтау саласының медицина қызметкерлерін тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

- шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі символының сипаттамасын әзірлейді және бекітеді.

«Жобаның мақсаты – жаңа трассалық медициналық-құтқару пунктерін орналастыру үшін орындарды белгілеу, сондай-ақ оларды қайта орналастыру және жою мәселелерін регламенттеу, психологтердің қызметін регламенттеу және жергілікті атқарушы органдардың медицина қызметкерлерін Апаттар медицинасы отрядының қызметі үшін тарту мүмкіндігі бөлігінде нормативтік олқылықтарды жою», - деп түсіндірме берілген қаулы жобасына.

Құжат 25 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе