USD
USD
USD

Төтенше жағдайлар министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін

Төтенше жағдайлар министрлігіне біршама қосымша құзырет берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған.

Төтенше жағдайлар министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, енді ведомствоға мына функциялар беріледі:

- адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

- міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін әзірлейді және бекiтеді;

- қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;

- мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектілерді орналастыру және салу жөнінде шешімдер қабылдайды;

- табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілейді;

- өз құзыреті шегінде климаттық қатерлерден болатын дүлей зілзала тәуекелдерін бағалауды жүргізеді;

- объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құру, орнын ауыстыру, қайта бейіндеу немесе тарату туралы ұйымдар басшылығының шешімдерін келіседі;

- мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді.

Үкімет қаулысының жобасы 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе