USD
USD
USD

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының құтқарушыларынан ақша жинауға қатысты мәлімдеме жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан Төтенше жағдайлар министріне ақша жинау туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. 

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының құтқарушыларынан ақша жинауға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру болып табылады. Бұған дейін Гасанов Зуялхан (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын.

Айта кету керек, бұл азамат қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері емес, өйткені биылғы мамырда теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады.

Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір фактіге бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады.

Өз кезегінде ТЖМ өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараларды жүзеге асырады және анықталған әрбір факт бойынша шаралар қабылдануда», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала