USD
USD
USD

Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескерту жариялады

2022 жылғы 11 қараша сағат 21-ден 14 қараша сағат 21-ге дейін дауылды ескерту жариялады, деп хабарлаады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3-14 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, батыста, облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Боран, көктайғақ. 13 қараша облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыс, батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 13 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында кейде 30 м / с немесе одан да артық жылдамдықпен соғады.

13-14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, 14 қарашада солтүстікте, батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, күндіз 13 қарашада облыстың оңтүстігінде кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

13-14 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын, 14 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 13 қарашада күндіз, 14 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

14-15 қарашада Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 14 қарашада, 15 қарашаға қараған түні солтүстікте кейде 30 м/с немесе одан да артық жылдамдықпен соғады.

14 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыс бағытындағы жел 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

14-15 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын, 15 қарашада облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста жел оңтүстік-батыс бағытында, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 14 күні таңертең және күндіз, 15 қарашада тәулік бойы кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері