USD
USD
USD

Төтенше жағдайлар министрі Абай облысындағы өрт орнына аттанды

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Абай облысындағы өрт орнына аттанды
Фото: NEGE.kz

Семей, NEGE.Бүгін, 15 шілдеде Абай облысы ТЖД "Семей орманы" МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында (57 және 58 орамдар) құрғақ шөптер мен ағаштардың жанып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары: облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді.

Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді.

Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы - 20 гектар.

Қазір өңірде 28 градус ыстық, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 16 м/с-қа жетеді. Өрттің жанында қазіргі уақытта "Шошқала" демалыс аймағы орналасқан. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов